Азаматтарды қабылдауда «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері талқыланды

Азаматтарды қабылдауда «жасыл» экономиканы дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген азамат Б.Абдуллаев декарбонизацияға, «жасыл» экономикаға инвестиция салуға, шағын және орта бизнесті қолдауға қатысты өз идеяларын ұсынды.

Қазақстандағы энергия тиімділігі орталығының тұжырымдамасын таныстыра отырып, елдегі энергия ресурстарын құзыретті жұмсаудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

Агенттік Төрағасының орынбасары О.Төлеуов елді дамытуға бағытталған барлық идеялардың құндылығын атап өтіп, көміртекті бейтараптыққа көшудің негізгі элементі бизнестің осы саладағы жобаларға бастамашылдығы мен қызығушылығы екенін атап өтті.

Қабылдау соңына қарай О. Төлеуов өтініш білдірген азаматты бизнес-қоғамдастықпен және салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарды одан әрі талқылауға шақырды.