Астанада жобалық басқару үздіктері анықталды

Астанада жобалық басқару үздіктері анықталды

2-3 желтоқсан күндері елордада жобалық басқару үздіктерін анықтаған Qazaqstan Project Management Awards ұлттық конкурсы өтті.

Форум өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді қолданатын мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор, үкіметтік емес ұйым өкілдерін біріктіреді.

Конкурс мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында жобаларға қолдау білдіруді көздейді.

Форум аясында «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жоба менеджері», «Жылдың үздік жобалық кеңсесі», «Мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру бойынша үздік жоба» анықталып марапатталды.

Шараға орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге, ҚР Стратегиялық жоспарлау және рефорамалар Агенттігі, Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері қатысты.