
2022 жылдың 2 желтоқсанында декарбонизация сұрақтары бойынша "COP-27: Қазақстанға қатысты нәтижелер мен перспективалар" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Басқосуға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар қатысады.