13 жоғарғы оқу орнының 18 командасы Qazdatathon конкурсында бақ сынайды

13 жоғарғы оқу орнының 18 командасы Qazdatathon конкурсында бақ сынайды

Байқауды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұйымдастыруда. 

Жобаға еліміздің 5 қаласынан 18 команда қатыспақ. Командалар 13 жоғары оқу орнының магистранттары мен докторанттарынан тұрады. Оларға тәлімгер ретінде қызмет ететін 10 ментор жұмыс жасайды.

1 желтоқсанға дейін командалар өз жобаларын синтетикалық деректер негізінде әзірлейді.

Бұдан әрі қазылар алқасы 9 желтоқсанда өтетін байқаудың финалына өтетін жобаларды іріктейді.