
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев жұмыс сапарымен Сингапурға барды.
Сапар барысында Агенттік басшысы Сингапурдың Қазақстандағы тұрақты емес Елшісі Зулькифли Бахарудинмен, белгілі мемлекет қайраткері, бизнес-гуру «Сингапурдың экономикалық дамуы және инновациялары» (EDIS) компаниясының басқарма төрағасы Филипп Йео және Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басқарушы директоры Жаклин Помен кездесті.
Тараптар екі елде жүргізіліп жатқан реформаларға, Сингапурдың тұрғын үй құрылысы, ғылыми зерттеу, білім беру саласындағы мол тәжірибесі жөнінде пікір алмасып, мемлекеттердің әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, төраға Қала дамуын басқару академиясына барды. Онда академия басшысы Сию Ках Пинг қала өмірі, жұмыс және демалыс жағдайларын жақсарту үшін ондаған жылдар бойы атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі шолу жасады. Сингапурдың озық даму тәжірибесі әлемдік деңгейдегі тиімді және тұрақты қала құрылысының үлгісі саналады.