
2022 жылдың 16 қарашасында мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар, экономистер мен бизнес өкілдерінің, қатысуымен Стратегиялық бастамалар форумы өтеді.
Форум еліміздің болашағына қатысты өзекті сұрақтарды ашық талқылауға арналады.
Шара аясында «Қазақстан – 2029». Болашақ бейнесі», «Геосаяси жағдай дамуының сценарийлері», «Алдағы 7 жылдағы ТОП 7 реформа» «10 таң қалдыратын болжам» тақырыбындағы сессиялар жоспарланған.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі басшылығы «Алдағы 7 жылдағы ТОП 7 реформа» сессиясына қатысады.