
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ҚР Ұлттық Банкінің Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығымен бірге «Qazdatathon» конкурсына өтінімдерді қабылдауды бастады.
Конкурстың мақсаты – жас ғалымдарға жеке деректерді қамтымайтын синтетикалық деректерді пайдалана отырып, шешімдердің нақты моделін жасауға мүмкіндік беру.
Конкурс барысында қатысушыларға осы деректердің негізінде жасалған синтетикалық (жасанды) деректер ұсынылады. Бұл құпиялылық саясатын бұзбай микродеректерді жаппай пайдалану мүмкіндігін ашады.
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Жоғары оқу орындарының магистратура және докторантура бағдарламаларында білім алушылардан құралған (2-5 адам) командалар қатыса алады. Командалар статистик, экономист, data scientist, математик және басқа да саладағы мамандардан құрылуы мүмкін. Бір университеттен бірнеше команданың қатысуына болады.
Конкурс мерзімі
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 15 қарашаға дейін жүргізіледі.
Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ, ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту, нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігін алады.
Толық ақпарат Datathon.kz сайтында.