Қазақстан мен Өзбекстан: бауырлас елдердің стратегиялық жоспарлау және реформалар саласындағы Агенттіктері қарым-қатынасты әрі қарай күшейтуге ниетті

Қазақстан мен Өзбекстан: бауырлас елдердің стратегиялық жоспарлау және реформалар саласындағы Агенттіктері қарым-қатынасты әрі қарай күшейтуге ниетті


ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі төрағасы Әсет Ерғалиев Өзбекстан президенті жанындағы Стратегиялық реформалар Агенттігінің бас директоры Шухрат Вафаевпен кездесті.

Әсет Ерғалиев Қазақстандағы институционалды және құрылымдық реформаларды дайындау мен іске асыру барысына, экономикалық, құқықтық және саяси трансформациялардың мән-маңызына тоқталды.

Өз кезегінде Шухрат Вафаев Стратегиялық реформалар Агенттігінің жұмысымен таныстырып, Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы туралы айтып берді.

Кездесу барысында Агенттік басшылары өзара қарым-қатынасты нығайтуға және алдағы уақытта тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.