
Бүгін Агенттікте егемендік декларациясы қабылданған атаулы тарихи мереке – Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Жиында сөз сөйлеген Агенттік төрағасы Ә.Ерғалиев ұжым қызметкерлерін ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнімен құттықтап, Агенттікте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Сіздерді тарихи мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, жұмыста табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Агенттік жаңадан құрылған жас әрі шағын ұжым болып табылады. Біздің қатарымыз жаңа қызметкерлермен толығып жатыр. Мемлекеттік қызметке қосылған әріптестерімізге еңбектеріне жеміс тілейміз»,- деді ол.
Ұлттық мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің «Б» корпусына жаңадан қабылданған Агенттіктің төрт қызметкері салтанатты ант берді.
Сондай-ақ, Республика күніне орай Агенттіктің Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті директорының орынбасары Жұмабекова Дания Қабдулқызы ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен марапатталды.