Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтеді

Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел өтеді

2022 жылдың 19 қазанында Астанада дәстүрлі Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Roundtable, KGIR-2022) өтеді. Шараға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Ә.Ерғалиев қатысады.

Дөңгелек үстелде әлемдік экономиканың дамуы, жаһандық және өңірлік инвесторлар үшін еліміздің инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен логистика мәселелері талқыға түседі.

Жаһандық іс-шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің, инвесторлар, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшыларының 500-ден астам өкілі шақырылған. Қазақстан атынан шараға салалық министрліктер мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық бизнес жетекшілері қатысады.