Агенттік басшысы жеке қабылдауында азаматтармен кездесті

Агенттік басшысы жеке қабылдауында азаматтармен кездесті

Бүгін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің (бұдан әрі-СЖРА, Агенттік) төрағасы Әсет Ерғалиев Агенттік басшылығының қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген экономист Жанат Нұрғалиев статистикалық мәліметтерді тиімді пайдалану және жергілікті өзін-өзі басқарудың ұтымды тетіктері туралы ұсыныстарын ортаға салды. Оның пікірінше, мемлекет іске қосқан реформалардың нәтижесін ауыл-аймақтағы қарапайым тұрғындар сезінуі тиіс.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бірінші кезекте қарапайым азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Реформаларды сапалы жүргізу уақытылы және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін деректердің сапалы экожүйесін құруды талап етеді. Агенттік басшысының айтуынша, деректерді ретке келтіру бойынша, Үкіметпен бірлескен шаралар кешенін құру бойынша ортақ түсіністік бар.

Қазіргі уақытта деректерді қолданушылардың сұраныстары өзгеруде. Ал мемлекеттік органдар жинайтын әкімшілік деректер кейбір жағдайларда бұл қажеттілікті өтемей отыр. Бұл ретте Ұлттық статистика бюросы деректерді жинаудың әдіснамалық негіздерін қамтамасыз етуге дайын. Көп деректер балама көздерден шығуда, оларды мемлекет деңгейінде шешім қабылдауда қолдануға болады.

Қабылдау соңында Ә. Ирғалиев сарапшыны Ұлттық статистика бюросымен бірлесе ұсыныстарды кеңінен талқылауға шақырды.