СЖРА басшысы мен IFC өкілдері ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады

СЖРА басшысы мен IFC өкілдері ынтымақтастықтың  жаңа форматтарын талқылады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – СЖРА, Агенттік) төрағасы Әсет Ерғалиев Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Колбертпен және Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Екатерина Комова-Бенджаминмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірлескен зерттеулер мен ұсыныстар әзірлеу бөлігіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Әсет Ерғалиев атап өткендей, халықаралық ұйымдармен өткізілетін барлық кездесулер, бірінші кезекте, барлық мүдделі тараптарды институционалдық және құрылымдық реформаларды әзірлеуге барынша тартуға бағытталған.

"Біз халықаралық ұйымдардың біздің жағдайымызда нақты қолданылатын және жоғары қорытынды нәтижеге бағытталған практикалық және институционалдық ұсынымдарын қолдаймыз.  Барлық ұсыныстар мұқият талданып, бизнесті, жергілікті сарапшылар мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі қатысушылармен талқыланатынын атап өткім келеді", - деді Ә.Ерғалиев.

Өз кезегінде, IFC өкілдері қаржы, инвестициялар, денсаулық сақтау, энергетика секторындағы, телекоммуникациялар саласындағы МЖӘ бойынша ұсынымдарды әзірлеу бөлігінде ынтымақтастықты ұсынды.  

"Біз қазір СЖРА жұмыс істеп жатқан реформаларға және Халықаралық қаржы корпорациясы ұсына алатын сараптамаға жеке сектордың дамуы, экономиканың инвестициялық тартымдылығы және жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігі байланысты болады деп ойлаймыз", - деп атап өтті Екатерина Комова-Бенджамин.

IFC Дүниежүзілік банк тобының құрамына кіреді, Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі мәртебесіне ие. Негізгі қызмет жеке секторды дамытуға қолдауға бағытталған. 1994 жылдан бастап корпорация жобаларды 1,6 млрд долларға немесе Орталық Азия елдеріне салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 70% - ын қаржыландырды.