
2022 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы" Жарлыққа қол қойды. Бюрократиядан арылтудың негізгі принциптері нысанның формадан басымдығы, бастапқы қалпы бойынша цифрландыру, басқарушылық жауапкершілік, үздіксіз жетілдіру, реттеудің оңтайлылығы болып табылады.
Айгүл Шаимова атап өткендей, Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған, оларды іске асыру мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жеделдетуді, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен дербес жауапкершілігін арттыруды, құжат айналымы мен есептілікті қысқартуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы міндеттер мен нақты нәтижелерге қол жеткізуге емес, ағымдағы операциялық қызметке бағытталған.
Бұл тәсіл халықтың шағымдарын тудырады және ол нақты өзгерістерді сезбейді. Өз кезегінде, мемлекеттік аппарат қоғам мен бизнестің проблемалары мен қажеттіліктерін анықтауы, қажетті шешімдерді тез әрі тиімді қабылдауы және оларды іске асыруы тиіс.
Осы Жарлықтың нормаларын іске асыру нәтижесінде мәселенің практикалық шешімін қамтамасыз ететін нақты нәтиже мемлекеттік органдар жұмысындағы тиімділіктің айқындаушы критерийі болады.
Кешенді реинжиниринг негізінде норма түзушілік және бюджеттік процестердің мерзімдері мен кезеңдерін екі есе қысқарту қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ, жүктелген міндеттерді іске асыруды жеделдету үшін мемлекеттік органдарға заңнамалық деңгейде өз функцияларын шамадан тыс нақтылаусыз НҚА қабылдау құқығы берілетін болады.
Мемлекеттік органдардың жұмысында мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған ақпаратты мәліметтердің анықтығын, түпнұсқалығын және өзектілігін қосымша растаусыз, кеңсе қағазына бюджет шығыстарын үш есе қысқарта отырып пайдалану қажет.
(Анықтама үшін: уәкілетті органның деректері бойынша қазір бұл мақсаттарға тек орталық деңгейде 7 млрд.теңге жұмсалады).
"Қазір, егер мемлекеттік органда жобаға қатысты ескертулер болмаса, ол әзірлеушіге жазбаша жауап беруге міндетті. Енді мұндай қажеттілік алынып тасталады. Бұл осындай жауаптарды дайындауға кететін жұмыс уақытының шығындарын едәуір қысқартады, әсіресе міндетті келісуші мемлекеттік органдардың жүктемесін азайтады", - деп атап өтті СЖРА төрағасының орынбасары.
E-Otinish жүйесі өтініштердің барлық түрлерін қабылдау үшін "бір терезе" ретінде өзгертілетін болады, бұл азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсартады.
Мемлекеттік органдарға "Smart Data Ukimet" мемлекеттік ақпараттық-талдау жүйесінде және өзге де мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қолжетімді мәліметтерді сұратуға және жолдауға тыйым салынады.
Бюрократиядан арылту жұмысында мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрлық трансформациялау және жүйелі реинжиниринг маңызды мәнге ие. Бұл жұмыстың негізгі бенефициары азаматтар болады. Сонымен қатар, Жарлыққа енгізілген шаралар мемлекеттік қызметшілерді түпкілікті нәтижеге әсер етпейтін артық рәсімдер мен процестерден босатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын тиімді іске асыруға мемлекеттік аппараттың бағытталуын қамтамасыз етеді.
Мысалы, уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу үшін бейнеконференцбайланыс және қолжетімді онлайн-сервистер арқылы кеңестер өткізу басымдығымен барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшін кеңестер өткізу бойынша бірыңғай цифрлық шешім енгізілетін болады.
Бұдан басқа, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету үшін "E-қызмет" ақпараттық жүйесі базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру, сондай-ақ оны барлық мемлекеттік органдарда енгізу және масштабтау қамтамасыз етіледі.