Әсет Ерғалиев: СЖРА әлеуметтік-экономикалық реформалар кешенін қалыптастыруда

Әсет Ерғалиев: СЖРА әлеуметтік-экономикалық реформалар кешенін қалыптастыруда

Бүгін сарапшылармен кездесуде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) Төрағасы Әсет Ерғалиев ведомствоның ағымдағы қызметі мен құрылымдық және институционалдық реформаларды қалыптастыру жөнінде айтып берді.

"Елімізде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табыстың жалпы өсімін қамтамасыз етуде жеткілікті тиімділікті көрсетті, бірақ оны бөлу тиімсіз болып отыр. Халықтың табысы экономика өсімі есебінен емес, әлеуметтік трансферттер есебінен артуда. Халықтың жалпы кірістерінде еңбек кірістерінің үлесі 80% - дан 67% - ға дейін қысқарды, ал әлеуметтік трансферттер 17% - дан 29% - ға дейін өсті. Бұл теңсіздікті төмендету үшін әлеуметтік, экономикалық және саяси салалардағы реформалар қажет", - деп мәлімдеді ҚР СЖРА басшысы.

Қазіргі уақытта Агенттік әртүрлі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қоғамдастығының, халықаралық мамандардың және азаматтық сектордың қатысуымен мемлекеттік басқару жүйесін бюрократиядан арылту, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен ұлттық статистика жүйесін реформалаудың кешенді жүйесін қалыптастыруда. 

Статистикадағы жаңа тәсілдер туралы айта келіп, Ерғалиев ақпаратты жинау мен өңдеуде цифрлық технологияларды енгізуді, ауқымды деректерді қолдануды ескере отырып, ұлттық статистиканы қалыптастыру процесін жетілдіру қажеттігін атап өтті.  

Төраға индустрияландырудың институционалдық жүйесін жетілдіру қажеттігін, атап айтқанда, өнеркәсіптік саясаттың жанама шараларына (инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, еңбек ресурстарын дайындау, сауда саясаты шаралары, инвестициялық ахуалды жақсарту) баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Әлеуметтік реформалар бөлігінде әлеуметтік-еңбек саласын сапалы жаңартуға баса назар аударылатын болады.

Қазір ЭЫДҰ-ның "үздік өмір Индексі" (Better Life Index) көрсеткішін енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Индекс халықтың табысын ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй жағдайларын, жұмыспен қамтуды, білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділікті, әлеуметтік қолдау сапасын, азаматтардың қауіпсіздігін де кешенді түрде ескереді.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты сапалы трансформациялау қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға, адаморталық тәсілді қолдануға, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды кеңістікте орталықсыздандыруға баса назар аудару қажет.

Сарапшылармен кездесуде Әсет Ерғалиев Агенттіктің басқа да жұмыс жоспарларымен бөлісті.  Оның айтуынша, өткен жылы қабылданған мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа экономикалық саясатты ескере отырып, түзетілетін болады. Қажет болған жағдайда Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар қайта қаралатын болады.

Жаңа міндеттерді ескере отырып, негізгі реформалар мен стратегиялық даму мәселелерін іске асыру жөніндегі жүйелі бастамаларды пысықтаумен айналысатын Талдамалық блокты күшейте отырып, Агенттіктің құрылымы қайта қаралатын болады.

         Кездесу соңында Әсет Ерғалиев жаңа тәсілдер мен институционалдық реформалар ағымдағы жылдың бірінші жартысында жарияланатынын атап өтіп, сарапшыларды оларды қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.