СЖРА басшысы ұлттық статистика Бюросының жаңа басшысын таныстырды

СЖРА басшысы ұлттық статистика Бюросының жаңа басшысын  таныстырды

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев ҚР ұлттық статистика Бюросының жаңа басшысы Жандос Шаймардановты таныстырды.

 

Әсет Ирғалиев Бюроның жаңа басшылығының алдында ұлттық статистиканы қалыптастыруды жетілдіру, статистикалық деректерді жинау мен өңдеуге цифрлық технологияларды енгізу міндеттері тұрғанын атап өтті.

 

Анықтамалық:

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов 1987 жылы 24 ақпанда дүниеге келген.  Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады.

2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "экономика және қаржы"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010-2013 - "Самұрық-Қазына" қорының менеджері.

2013-2014- экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2014-2016- ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016-2019 - "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.

2019-2020 - "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы.

2020-2022-ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.