Бүгін Үкімет жиылысында Президент Жарлығымен 2021 жылдың 7 қазанында бекітілген ұлттық жобалар жайы қарастырылды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетов өз баяндамасында ұлттық жобалардың сапалы жүзеге асуының маңыздылығына тоқталды.
«Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайтын Офистің жұмысын белсенді ету керек» – деді Агенттік Төрағасы.
Қ.Келімбетов сонымен қатар, бекітілген ұлттық жобаларға сай аймақтардың даму жоспарларын жаңартуды ұсынды. Ол үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының бірігіп және оперативті жұмыс істеуі қажет. «Салалардың дамуы бойынша тиісті концепциялардың тезірек дайындалып, бекітілуін қамтамасыз ету керек. 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін даму концепцияларын бекіту қажет» – деді ол.
Өз баяндамасының соңында Агенттік Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Реформалар жөніндегі жоғарғы Кеңес жиынында тапсырған тапсырмаларына сәйкес, ұлттық жобалар туралы ақпараттық кампанияны ауқымды түрде жүргізу бойынша мәселе көтерді.