Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқаруды дамыту Концепциясы туралы» Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалған Концепцияда мемлекеттік басқару жүйесін дамытудағы принциптері көрініс тапқан және 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын жетілдіру тәсілдерін айқындайды.
Концепцияның мақсаты мемлекеттік басқарудағы сервистік және «адамғабағытталған» үлгіге өту, демек, ондағы негізгі құндылықтар азаматтар мен олардың әл-ауқаты мен игілігі. Мақсатты орындау үшін 9 негізгі міндет айқындалған, олар мемлекеттік аппараттың клиенткебағытталуын құрылымдау, халықтың қажеттілігі негізіндегі белсенді сервистерге өту, мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін арттыру, квазимемлекеттік секторды реформалау және т.б.
Концепцияны жүзеге асырудың қорытындысы ретінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекет пен азаматтардың арасындағы коммуникацияны жақсарту, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру секілді жайттар күтілуде.
Концепцияны іске асыру үшін Үкімет Іс-әрекет жоспарын дайындайды.