Институционалдық реформалар
Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі құқықтық, құқық қорғау және сот жүйелерінде институционалдық реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік басқару саласын және квазимемлекеттік секторды жетілдіруге және жаңғыртуға, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу болып табылады.
Агенттік институционалдық реформаларды жүзеге асыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында реформаларды іске асыруға, саланы дамыту тұжырымдамаларын, ұлттық жобаларды қоса алғанда, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді және сараптамалық қорытындылар береді, сондай-ақ олардың іске асырылу барысына мониторингті және бағалауды жүзеге асырады.
Институционалдық реформалар мәселелері бойынша Агенттік Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары кеңестің реформалар жөніндегі консультативтік комитеттерінің жұмысына қатысады:
1) құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау бойынша;
2) қазіргі заманғы мемлекеттік басқару және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.