Меню

Страницы

Статья

Мемлекет инвестклиматты жақсарту тұрғысында өзін реформалауы керек - Сума Чакрабарти

Мемлекет инвестклиматты жақсарту тұрғысында өзін реформалауы керек - Сума Чакрабарти

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус дағдарысын еңсеруде қандай қадамдарды іске асырған жөн? Бұл сұраққа ҚР Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабарти жауап беруге тырысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы дағдарысты жақсы еңсерген елдерге қарасақ, бұл ретте екі фазаны түсіну керек. Бірінші фаза – дағдарысты басқару. Менің ойымша, өлім-жітім жағдайына қарасақ, Шығыс Азия осы бағытта жақсы қадамдар жасады. Ал вакциналау деңгейіне назар аударсақ, АҚШ пен Израиль, сондай-ақ Ұлыбритания тәуір көрсеткіштерді байқатты. Сондықтан кейбір елдер бірінші фазаға қарағанда, екінші фазада (вакциналауда) өзін жақсы көрсете алды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі фунциясының нәтижесі болып отыр», - деді Сума Чакрабарти «Astana FINANCE DAYS 2021 конференциясы аясындағы сессия жұмысында. Оның айтуынша, бұл мәселеде бірнеше маңызды қадамдар бар. Біріншіден, жұмыс орындары мен еңбек нарығын сақтай отырып, экономиканы қалпына келтіру. Осы орайда шағын және орта бизнес кәсіпорындары бойынша көптеген жұмыс орындары босап қалды. «Бұл жағдайларда мемлекет белсенді қадамдар жасауы тиіс. Мемлекеттік аппарат реформалары дағдарыс мен пандемияға қатысты кейінге шегерілді. Тәуекелдер Қазақстанмен қатар, басқа да елдерге де қатысты. Мемлекет өзіне көшбасшылық рөлді ала берсе, мемлекет экономиканы басқаруды жалғастыра берсе, адамдар осыған үйреніп алуы мүмкін. Яғни нарықтың экономиканы басқаруы назардан тыс қалуы ықтимал», - деді Сума Чакрабарти. Осы орайда ол нарық экономиканы басқаруы керек екенін атап өтті. «ҚР Президентінің кеңесшісі ретіндегі менің рөліме тоқталсам, экономика мен шаруашылықтың нарыққа бағытталған моделін құруға екпін қойылып отыр. Сондықтан инвестициялық климатты жақсарту, барша реформаларды жалғастыру тұрғысында мемлекет өзін реформалауы тиіс екенін айтуымыз керек. Біздің жоспарлаған даму процесі орнықты болуы тиіс, яғни қазба шикізатын пайдалануды қысқарту маңызды. Энергия тасымалдаушылардың қазба көздеріне ғана сенім арту дәстүрі өткен күннің еншісінде. Отын-энергетика теңгерімінің құрылымын өзгерту керек», - деді сарапшы.

Дерек көзі:

Қазақпарат

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
03 июля 2024
Электрондық құжат айналымы мен архив жұмысы тұрақты бақылауда
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы