Меню

Страницы

Статья

Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қанша қаражат керек

 

13:20 03 Шілде 2021 Автор: Дәурен Ерболат

Қазақстан Президенті жанындағы реформалар жөніндегі жоғары кеңес 10 негізгі ұлттық жобаны айқындаған.  Елімізде 2025 жылға дейінгі дамудың  ұлттық жобалар тізімі бекітілген. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Оның айтуынша, ұлттық жобалар тізіміне сапалы білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық өсім, құқықтық мәселелер енген. «Цифрландыру және Үкіметтің кешіктірілген статистикаға емес, деректер негізіндегі бағдарламаларға сәйкес технологиялық серпіліске баса мән беріледі. Бұл – ғылымды коммерцияландыру, инновацияларды дамыту, инфрақұрылымды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қолдау бойынша жаңа технологияларды пайдалану, кәсіпкерлікті дамыту салалары»,–деді Қайрат Келімбетов Astana Finance Days конференциясы аясында өтіп жатқан «Қазіргі даму кезеңіндегі Қазақстанның ұлттық басымдықтары» сессиясында. Сонымен қатар ол гуманитарлық бағдарламаларға, оның ішінде креативті индустрияларды дамыту, болашақта мәдени әлеуетті қоғам құру тұрғысынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасына мән берілетінін жеткізді. Агенттік төрағасы агроөнеркәсіп кешені Қазақстанның маңызды драйвері ретінде есептелетінін айтты. «Бұл салаға Үкімет ерекше көңіл бөліп отыр. Секторға ауқымды ресурстар тартылып жатыр. Мәселені талқылау барысында мемлекеттік органдар мемлекеттегі 2 есе артық ресурс көлемін бөлуді ұсынды. Пікірталас барысында бюджет мүмкіндігі бары айтылды. Алайда оның мүмкіндігі алдағы 5 жылмен шектелген»,– деді басшы. Қайрат Келімбетов бұл мәселеде мемлекет қаржысымен шектеліп қалмай, жеке қаражат тарту керегін жеткізді. «Басымдықты бюджетке емес, көбінесе инвестиция тартуға, кредиттің қолжетімділігі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы ойлануға, яғни бюджет шығыны есебінен емес, экономикалық өсім мүмкіндіктерін барынша қарастыруға  міндет қойылды. Оны Президент Үкіметке жүктеді. Ол бойынша Үкімет жұмыс істейді»,– деді агенттік төрағасы.  Сессиядағы модератор, экономист Рахым Ошақбаев бұл тапсырманы жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті. «Үкіметтің бағалауынша, ұлттық жобаларды жүзеге асыру үшін шамамен 80 трлн теңге керек: жылына шамамен15 триллион теңге. Бұл бюджеттің барлық шығынынан көп. Білім беруге баса назар аударылғаны қуантарлық жағдай. Себебі, Дүниежүзілік банктің соңғы дерегінше, Қазақстан адами даму индексі бойынша 10 жылда барлық прогресін жоғалтты. Өкінішке қарай, қала мен ауылдағы өмір сүру сапасы, сапалы білім алу, оқыту тілі бойынша айырмашылық теңсіздік тудырды»,– деп түйіндеді сөзін экономист. 


Дерек көзі:

Inbusiness.kz

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
03 июля 2024
Электрондық құжат айналымы мен архив жұмысы тұрақты бақылауда
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы