Меню

Страницы

Статья

Электрондық құжат айналымы мен архив жұмысы тұрақты бақылауда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі мен Статистика комитетін қайта ұйымдастыру жолымен функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды.

Агенттік Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, реформалар жүргізу және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Жаңадан құрылған Агентікке келесі мәселелер бекітілген болатын:

  • стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
  • мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысу;
  • елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеу;
  • статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру;
  • құрылымдық және институционалдық реформалардың, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының шеңберінде іске асырылу барысын мониторингтеу және бағалау.

Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары аталған Жарлықтарына сәйкес, Агенттікте Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық бөлімшелері сияқты ведомстволық бағынысты 20 аумақтық статистика департаменті бар.

Агенттік төрағасының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 10-нқ бұйрығымен: Басшылық, Төраға хатшылығы,  Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті, Макроэкономикалық саясат департаменті, Әлеуметтік сала департаменті, Институционалдық даму департаменті, Экономика салалары департаменті, Коммуникация қызметі, Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті, Ішкі аудит қызметі, Персоналды дамыту және басқару қызметі, Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінен тұратын құрамы бекітілді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Агенттіктің 2020-2022 жылдардағы қағаз жеткізгіштегі құжаттарға алғашқы ғылыми-техникалық өңдеуі өткізіліп, нәтижесінде 2020-2022 жылдардағы 98 іс көлемінде № 1 тұрақты сақталатын жиынтық істер тізімдемесі, 16 іс көлемінде № 2ж/қ жеке құрам бойынша жиынтық істер тізімдемесі, 14 іс көлемінде № 3ж/і жұмыстан босатылған жұмыскердердің жеке істерінің жиынтық тізімдемесі жасалды.

Тізімдемелердегі істердің құрамы мен физикалық жағдайы қанағаттарлық, істер Агенттіктің ведомстволық архивінде ведомстволық сақтауында сақталатын болады.

Агенттік ҚР Президентімен, ҚР Мемлекеттік хатшысымен, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысымен, ҚР Премьер-Министрімен, ҚР Премьер-Министрі орынбасарларымен, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы орынбасарларымен, ҚР Үкімет Аппараты Басшысымен және оның орынбасаларымен, ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісімен, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен хат алмасу үшін 2020 жылғы қазан айынан бұлтты құжат айналымы жүйесін қолдануда. Заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы қалыптастырылып, электрондық түрде порталда сақталады.

Сондай-ақ, Агенттік жұмыс барысында Е-өтініш, Е-қызмет, 1С-Бухгалтерия, Е-қаржымині, Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі, Есептерді тапсырудың бірыңғай жүйесі, ЦЖО, Е-архив сияқты мемлекеттік органдарға тиесілі ақпараттық жүйелерге қосылған.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді.

Агенттіктің мақсаты – мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді реформаларды дайындау.

 

Г. Сүлейманова

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас консультанты

Дата публикации
03 июля 2024
Дата обновления
03 июля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
09 октября 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
03 июля 2024
Электрондық құжат айналымы мен архив жұмысы тұрақты бақылауда
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы