Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамын бекіту туралы
«Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса берілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
- Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықты мүдделі тұлғалардың мәліметіне жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Қ.Келімбетов