Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттіктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды.
Ниет білдірушілер 2021 жылғы 2 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде белгіленген нысандағы өтінішті мына мекенжайға жіберуі қажет: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 Тел. +7 (7172) 64-72-50, немесе келесі электрондық мекенжайға: d.zhanisbaev@aspire.gov.kz.