Агенттіктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 8, 9-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттіктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам, оның ішінде 2 мемлекеттік органның өкілдері, 4 коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде агенттікке жазбаша нысанда жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді. Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Кандидаттың сотталғандығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.

Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 2021 жылдың 2 ақпанына дейін (қоса алғанда) Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21 мекенжайына немесе электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз: d.zhanisbaev@aspire.gov.kz

Анықтама телефоны +7 (7172) 64-72-50.

Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі отырысты өткізу уақыты қосымша хабарланатын болады.

Конкурс
Дата публикации
20 января 2021