Агенттік ағымдағы жағдайды, қалыптасып отырған тенденцияларды, әлемдік тәжірибені талдау және осы негізде реформаларды іске асыру тәсілдерін әзірлеудің, сондай-ақ, олардың орындалу барысына мониторинг жүргізудің жауапты мемлекеттік органы болады.
Агенттікпен және өзге де мемлекеттік органдардың бастамасымен реформалар жөніндегі аса маңызды ұсыныстарды қарау және бекіту үшін Мемлекет басшысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №824 "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №414 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Жарлығымен кеңес құрамына өзгерістер енгізілді.
Жоғарғы Кеңестің құрамы:
Қасым-Жомарт Тоқаев — төраға
Сэр Сума Чакрабарти — төрағаның орынбасары
Кеңес мүшелері:
Әлихан Смайылов, премьер-министр
Мұрат Нұртілеу, президент әкімшілігі басшысы
Ғизат Нұрдаулетов, президент көмекшісі– Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
Ғалымжан Пирматов, Ұлттық банк төрағасы
Тимур Сүлейменов, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары
Әсет Исекешев, президент көмекшісі
Мәдина Әбілқасымова, Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Әсет Ерғалиев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Райымбек Баталов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы