Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин 1982 жылы дүниеге келген. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Орталық Азия университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған.
2002-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2009-2011 жылдары — «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, директор орынбасары болды.
2011-2015 жылдары — «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары ретінде жұмыс істеді.
2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен.
2018-2019 жылдары — Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры.
2020 – 2021 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы.
2021-2024 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы болды.
2024-2025 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі.
2025 жылғы сәуір айынан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің аппарат басшысы.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.