Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
m.zeifolda@aspire.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Зейфолда Манас Иманғалиұлы
Экономика салалары департаментінің директоры
Общая информация, образование

2022 жылғы шілдеден бастап ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Экономика салалары департаментінің директоры қызметін атқаруда.

Манас Иманғалұлы Зейфолда 2004 жылы халықаралық экономист мамандығы бойынша,  Т.Рысқұлов атындағы ҚЭУ-тін  үздік бітірді. 2021 жылы халықаралық аудит және салық салу бағдарламасы бойынша Нархоз Университетінің бизнес-мектебінің ғылыми-педагогикалық магистратурасын аяқтады.

Карьера

2004-2012 жылдар аралығында қаржы секторында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді және тәуекел-менеджмент мәселелерімен айналысты.

2012-2013 жылдары экономикалық даму және сауда министрлігінде қаржы секторын дамыту бойынша құрылымдық бөлімшеде жұмыс істеді.

2013-2017 жылдары қаржы секторында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту, аудандарды дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

2019-2020 жылдары «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-да тәуекел менеджменті департаментінің директоры лауазымында және 2020-2021 жылдар кезеңінде стрестік активтерді басқару жөніндегі ұйымда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2021 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің экономикалық блогынақосылды.

2022 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің экономика салалары департаментінің директоры болып тағайындалды.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы