
ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАБАРЛАЙДЫ
Арыс қалалық мәслихатының депутаттары мен
Арыс қаласы тұрғындарының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Сiздердi Арыс қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектi сессиясы 2026 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында сағат 11-00 де Арыс қаласы Әл-Фараби көшесi №3 үй мекен жайында, үлкен мәжiлiс залында өтетiндiгi туралы хабардар етемiн.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiккен отырысы
2026 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында сағат 15-00 де қалалық мәслихатта өтедi.
Арыс қалалық мәслихатының кезектi сессиясының күн тәртiбiнде қаралатын негiзгi мәселелер:
жөнiндегi есебi туралы.
есебi туралы.
жұмыстары бойынша есептері туралы.
4.Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
Сессия қарауына келiп түсуiне қарай өзге де мәселелер енгiзiлуi мүмкiн.
Қосымша мәселелер 2026 жылдың қыркүйек айының 16 жұлдызына дейiн қабылданады.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылдың тамыз айының 27 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және ауыл әкім орын басарлары қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.
Арыс қаласының Қоғамдық кеңесі.
Мәслихат төрағасы Құрылтай сайлауына қатысты
Мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Жаңа Конституцияның қабылдануы еліміздің саяси-құқықтық жүйесіне жаңа серпін беріп, қоғамның одан әрі жаңғыруына жол ашты. Осы өзгерістер аясында Құрылтайдың құрылуы – ел дамуы мен қоғамдық институттарды жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып отыр.
Құрылтай халықтың үнін ескеріп, ел үшін маңызды мәселелерді талқылауға, қоғамдық пікірді қалыптастыруға және заңнаманы одан әрі жетілдіруге өз үлесін қосатын маңызды институтқа айналады.
Еліміздің болашағы баянды, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы берік болсын! Ел игілігіне бағытталған әрбір бастама өз нәтижесін беріп, мемлекетіміздің дамуына қызмет етсін!
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР
Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңда бірқатар маңызды өзгерістер көзделген. Жаңа нормалар мемлекеттік қызметті заманауи талаптарға бейімдеп, оның ашықтығы мен кәсібилігін арттыруға бағытталған.
Заңдағы негізгі бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметтің халыққа бағдарланған моделін қалыптастыру. Азаматтардың өтініштерін қарауда формализмге жол бермеу, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, цифрлық сервистерді дамыту және бюрократиялық кедергілерді азайтуға ерекше мән берілген.
Сонымен қатар жастарды мемлекеттік қызметке тартуға басымдық беріліп отыр. Мемлекеттік қызметке даярлау институты енгізіліп, жастарды мектеп қабырғасынан бастап кәсіби бағдарлау және мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру көзделген. Түркістан облысында да бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп, жоғары оқу орындарымен бірлесіп «Жас мемлекеттік қызметші» мектебі ұйымдастырылған.
Мемлекеттік қызметке іріктеу процесі де толықтай цифрлық форматқа көшіріледі. Конкурстар «е-Qyzmet» жүйесі арқылы өткізіліп, конкурс мерзімі 5–7 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Іріктеу барысында заңнаманы білу тесті, жеке қасиеттерді бағалау және лауазым ерекшелігіне қарай эссе, онлайн сұхбат немесе практикалық тапсырмалар қарастырылған.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына да жаңа мүмкіндіктер беріледі. Бір лауазым шеңберінде көлденеңінен өсу тетігі енгізіліп, қызметшінің біліктілігін арттыруы мен кәсіби дамуы жалақы деңгейіне әсер ететін болады. Сонымен қатар оқыту, тағылымдама және өзін-өзі дамыту нәтижелері мансаптық өсу кезінде ескеріледі.
Заңда мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге де назар аударылған. Жалақыны индекстеу, қосымша ақылы демалыс күндерін беру, үстеме жұмыс үшін өтемақы төлеу, қызмет бабымен басқа өңірге ауысқан жағдайда бірқатар төлемдер қарастырылған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына қойылатын талаптар күшейтіліп, «мінсіз бедел» институты енгізілді. Бұл мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, қоғамның мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Жалпы, жаңа заң мемлекеттік қызметті халыққа жақын, ашық, цифрландырылған және кәсіби жүйеге айналдыруға бағытталған. Енгізіліп отырған өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызметшілер үшін кәсіби дамуға және әлеуметтік тұрғыдан қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 10 тамыз – Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Абайдың даналығы мен тағылымы ұлттық болмысымызды нығайтып, өскелең ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, елжандылыққа және адамгершілікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Абайдың өнегелі өмірі мен тағылымға толы шығармалары ұрпақ санасын тәрбиелеп, білімге, еңбекке және адамгершілікке үндеп келеді.
Абайдың өшпес өнегесі мен асыл мұрасы халқымыздың рухани дамуына қызмет етіп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне жол көрсете берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЕСЕП БЕРДІ
2026 жылдың 6 тамызында қалалық Мәдениет үйінде облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беру және тұрғындардың мәселелерін тыңдау мақсатында Арыс халқымен кездесу өткізді. Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов, қала әкімінің орынбасары Е.Қуандық, қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, қала халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Е.Қосмамбетов 2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, есеп берді.
Сондай-ақ, халық қалаулысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.
Арыс қаласының тұрғындары тарапынан Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі Қызылкөпір елді мекеніндегі Тілектес көшесіне асфальт жол салу, Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің жылу жүйесін жөндеуден өткізу, Орталық ауруханаға компьютерлік томография маманы қажеттігі туралы айтты. Е.Қосмамбетов бұл мәселелерді жеке бақылауына алып, заң шеңберінде шешуге жұмыс жасайтынын жеткізді.
«АРЫСТА ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ».
Ағымдағы жылдың 30-шілде күні Арыс қаласында күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта жаңғыртылған «Арыс-2» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е. Дауылбаев, Арыс қаласының әкімі Қ. Маңқараев, қалалық мәслихат депутаттары, «Қазақстан Теміржолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында жаңа вокзалдың лентасы қиылып, қатысушылар заманауи талаптарға сай жабдықталған нысанның жұмысымен танысты. Жаңғыртылған вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға өз үлесін қосады.
АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 49-СЕССИЯСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 15 шілде күні Арыс қалалық мәслихатының кезектен тыс 49-сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғ. Садықов қатысты.
Күн тәртібінде «Арыс қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселе жан-жақты талқыланып, депутаттар ұсынылған өзгерістерге қатысты өз пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты сұрақтар қойды. Өзара пікір алмасу барысында ұсыныстар сараланып, талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды.
Сессия соңында Арыс қалалық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Максимханұлы халықтың сенімін арқалаған депутаттарға бірлескен әрі нәтижелі жұмыстары үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да қала игілігі жолындағы ортақ бастамалардың табысты жүзеге асуына сенім білдірді.
2026 жылғы 16 маусым күні сегізінші шақырылымдағы Арыс қалалық мәслихатының кезекті қырық сегізінші сессиясы өтті.
Сессиясы отырысына қала әкімі Қ.Маңқараев, қала әкімі орынбасарлары Р.Айтбаев және Е.Қуандық, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Әметов, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Қ.Ахметов жүргізді.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
қалалық бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы жөнiндегi есептерi туралы.
автомобиль жолдары бөлiмiнiң 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
7.«Арыс қалалық мәслихаты грамотасымен» марапаттау жөнiндегi жиналысының шешiмдерiн бекiту туралы.
8.«Арыс қаласы әкiмдiгi жанынан кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясының дербес құрамын бекiту туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №16/93-V шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде мәслихат төрағасы Қ.Ахметов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тілеп, халық қалаулыларына алғыс білдірді.
С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесу өтті
Бүгін №8 сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты ретінде С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымымен кездесу өткіздім.
Кездесудің негізгі мақсаты – Сайлауалды бағдарлама шеңберінде әзірленген Жол картасының орындалуын баяндау, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныс-тілектерді жан-жақты талқылап, оларды жүйелеу болып табылады.
Сайлаушылармен өткен жүздесу барысында жергілікті тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, аулаларды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, мектеп алдынан жасанды тегіс емес жол орнату, Почтовый шағын ауданындағы ескі ғимараттарды бұзу мәселелері және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы түйткілдер сөз болды. Тұрғындардың әрбір өтініші мен ұсынысы мұқият тыңдалып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер бердім. Сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізілетіні, ал күрделі мәселелер кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде шешілетіндігін жеткіздім. Мұндай кездесулер халықпен ашық әрі жүйелі диалог орнатуға, тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да сайлаушылармен тұрақты негізде ашық кездесу алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.