Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №27/148-VIII «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арыс қаласының 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 9 174 743 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 4 323 622 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 53 643 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 1 039 530 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 3 757 948 мың теңге;
2) шығындар – 10 069 263 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 16 559 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 31 456 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 897 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -911 079 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 911 079 мың теңге;
қарыздар түсімі – 925 534 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 14 897 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 442 мың теңге.».
Көрсетілген шешімнің 1, 4 – қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәслихат төрағасы |
|
Қ.Ахметов |