Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№28/160-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына» деген сөз «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1-тармағының 5) тармақшасына» сөзіне ауыстырылсын.
мынадай мазмұндағы 8 тармақ 13) және 14) тармақшаларымен толықтырылсын:
«13) мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін мүгедектігі бар адамдарға – екі жылда бір рет 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
«14) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың санаторийлік – курорттық емделу кезінде ілесіп жүретін адамдарға, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай – бір рет 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Мәслихат төрағасы Қ.Ахметов