Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11/64-VIII «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11/64-VIII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арыс қаласының 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 9 250 990 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 4 032 616 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 63 778 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 294 632 мың теңге;
трансферттер түсiмi – 4 859 964 мың теңге;
2) шығындар – 10 118 433 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 31 798 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 44 304 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 506 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -899 241 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 899 241 мың теңге:
қарыздар түсімі – 819 754 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 12 506 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 91 993 мың теңге».
Көрсетілген шешімнің 1, 4 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәслихат төрағасы |
|
Қ.Ахметов |