Арыс қалалық мәслихат аппараты қызметінің 2024 жылдың ІІІ тоқсанына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Арыс қалалық мәслихат аппараты қызметінің

2024 жылдың ІІІ тоқсанына Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізу

І- Ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы:Арыс қалалық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

  • Арыс қалалық мәслихат аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  • Арыс қалалық мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: басталды 01.07.2024 жыл, аяқталды 30.09.2024 жыл.

   

                                      Ішкі талдау бөлімі

  1. Арыс қалалық мәслихат аппартының қызметін қозғайтын 3 құқықтық актілер бар.

Атап айтқанда:

  • Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Арыс қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» №2/9-VІII шешімі.
  • Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 маусымдағы №5/32-VІІI «Б» корпусы Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі.
  • Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі «Арыс қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы №2/10-VIІІ шешімі.

Жоғарыда аталған 3 құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қатысты талдау барысында заң бұзушылықтар анықталмады.

  1. Арыс қалалық мәслихат аппаратына мемлекеттік органдар тарапынан тексерулер жүргізілген жоқ.
  2. 2024 жылы IІІ тоқсанда Арыс қалалық мәслихаты 5  шешім шығарған. Мәслихат төрағасы 3  шешім  шығарған. Тұрақты комиссиялар 2 қаулы қабылдаған. Шешімдер мен қаулыларда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.
  3. Арыс қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің  атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ.
  4. Арыс қалалық мәслихат аппаратына 2024 жылдың ІІІ тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан жалпы 5 өтініш түскен. Барлық өтініштерге жазбаша түсініктеме берілген. Арыс қалалық мәслихат аппаратының арыз-шағым жәшігіне ешқандай өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.
  5. Арыс қалалық мәслихатына прокурорлық қадағалау актілері түспеген.
  6. Арыс қалалық мәслихат аппаратына сот актілері түспеген.

Қалалық мәслихат аппаратының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметі.

  1. Арыс қалалық мәслихат аппаратының штаттық құрылымы 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұрады. Атап айтқанда, мәслихат аппаратының басшысы 1 бірлік, тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маман - заңгер  1 бірлік, тұрақты комиссиялар бөлімінің бас маманы 1 бірлік, мәслихат аппаратының бас маман - бас есепшісі 1 бірлік. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер арасында кадрлардың ауысуы болған жоқ.
  2. Арыс қалалық мәслихат аппаратында есепті кезеңде мүдделер қақтығысы болған жоқ.
  3. Арыс қалалық мәслихат аппараты мемлекеттік қызмет (гос услуги) көрсетпейді.
  4. Арыс қалалық мәслихат аппаратының рұқсат беру функциясы жоқ.
  5. Арыс қалалық мәслихат аппаратының бақылау функциясы жоқ.
  6. Арыс қалалық мәслихат аппаратының сенім сымтетігі толықтай жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.
  7. Қалалық мәслихат төрағасы жалпы 2024 жылдың ІIІ тоқсанында 23 өкім шығарған. Барлық өкімдерді талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.
  8. Арыс қалалық мәслихатында Мемлекеттік сатып алу барысында мүдделер қақтығысы анықталмады.

 

Дата публикации
03 октября 2024