БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ
Түркістан облысы Арыс қаласының Жиделі және Монтайтас ауылдық округтері елді мекендерінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Жиделі ауылдық округі Жиделі елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 93,63 гектар қоса отырып, Жиделі ауылдық округі Жиделі елді мекенінің жалпы ауданы 248,36 гектар шегінде өзгертілсін;
2) Монтайтас ауылдық округі 42 разъезд елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 36,03 гектар қоса отырып, Монтайтас ауылдық округі 42 разъезд елді мекенінің жалпы ауданы 49,85 шегінде өзгертілсін;
3) Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекенінің шекарасына Арыс қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерінен 95,68 гектар қоса отырып, Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекенінің жалпы ауданы 151,28 гектар шегінде өзгертілсін;
1) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен Арыс қаласы әкімдігінің қаулысы мен Арыс қалалық мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Арыс қаласының әкімі
|
Г. Курманбекова
|
|
Арыс қалалық мәслихат төрағасы
|
К. Ахметов
|