Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының                     1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару   және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының                 6 бабының 2-3 тармағына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы   № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің           және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы №4/19-VII шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6153 болып тiркелген);

2) Арыс қалалық мәслихатының «Арыс қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №4/19-VII «Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріc енгізу туралы  2022 жылғы 15 қарашадағы №29/155-VІІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                         № 30604  болып тіркелген).

 

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Арыс қалалық

мәслихат төрағасы                                          К. Ахметов

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 29.09.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 6368-13 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Маслихат города Арыс - Главный специалист Ляззат Маратовна Дандаева, 29.09.2023 09:34:57, положительный результат проверки ЭЦП

Маслихат города Арыс - Председатель маслихата города Арыс Кайрат Турегельдиевич Ахметов, 29.09.2023 09:35:43, положительный результат проверки ЭЦП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
16 октября 2023