Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары

Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары

Қалалық мәслихаттың сессиялары

 I тоқсан

  1. Арыс қаласы iшкi саясат бөлiмiнiң 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
  2. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң атқарған жұмыстарының есебi туралы.
  3. Қалалық жергілікті атқарушы органының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебі туралы.

 ІI тоқсан

  1. Арыс қаласы әкiмдiгiнiң және облыстық тексеру комиссиясының Арыс қалалық бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы жөнiндегi есептерi туралы.
  2. Арыс қаласы әкiмдiгiнiң және облыстық тексеру комиссиясының ауылдық округ бюджеттерінің 2022 жылғы  атқарылуы жөнiндегi есептерi туралы.
  3. Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
  4. Ақдала, Байырқұм, Монтайтас ауыл округтері әкiмдерінiң атқарған жұмыстары бойынша есептері туралы.

ІІI тоқсан

  1. Қала әкiмiнiң өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындау жөнiндегi есебi туралы.
  2. 2023-2024 жылғы қысқа дайындық жұмысы бойынша қала әкiмдiгiнiң есебi туралы.
  3. Арыс қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы бойынша қалалық жергілікті атқарушы органының есебі туралы.

 IV тоқсан

  1. 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
  2. Арыс қаласына қарасты ауыл округтерiнiң 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттерi туралы.
  3. Дермене, Жиделі, Қожатоғай ауыл округтері әкiмдерінiң атқарған жұмыстары  бойынша есептері туралы.
  4. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
  5. Қалалық мәслихаттың 2023жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
  6. Қалалық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

 

Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары
Дата публикации
04 января 2023