Арыс қалалық мәслихатының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспары
Қалалық мәслихаттың сессиялары
I тоқсан
- Арыс қаласы iшкi саясат бөлiмiнiң 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
- Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң атқарған жұмыстарының есебi туралы.
- Қалалық жергілікті атқарушы органының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есебі туралы.
ІI тоқсан
- Арыс қаласы әкiмдiгiнiң және облыстық тексеру комиссиясының Арыс қалалық бюджетінің 2022 жылғы атқарылуы жөнiндегi есептерi туралы.
- Арыс қаласы әкiмдiгiнiң және облыстық тексеру комиссиясының ауылдық округ бюджеттерінің 2022 жылғы атқарылуы жөнiндегi есептерi туралы.
- Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнiң 2022 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
- Ақдала, Байырқұм, Монтайтас ауыл округтері әкiмдерінiң атқарған жұмыстары бойынша есептері туралы.
ІІI тоқсан
- Қала әкiмiнiң өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындау жөнiндегi есебi туралы.
- 2023-2024 жылғы қысқа дайындық жұмысы бойынша қала әкiмдiгiнiң есебi туралы.
- Арыс қаласында мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы бойынша қалалық жергілікті атқарушы органының есебі туралы.
IV тоқсан
- 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.
- Арыс қаласына қарасты ауыл округтерiнiң 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттерi туралы.
- Дермене, Жиделі, Қожатоғай ауыл округтері әкiмдерінiң атқарған жұмыстары бойынша есептері туралы.
- Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2023 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2023жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.
- Қалалық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.