лого маслихата

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
МОМБЕКОВА САПАРКҮЛ ТІЛДАНҚЫЗЫ
№1 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША АРЫС ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Карьера

Момбекова Сапаркүл Тілданқызы 1972 жылы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.1979-1989 жылдары Арыс қаласындағы  С.Қожанов атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1989-1993 жылдары Тараз қаласындағы Әулие Ата университетінде білім алып, «экономист» маманығы бойынша бітіріп шыққан.                         1995 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысуда.

2001 жылы Арыс қаласында «Азамат» моншасын, 2008 жылы «Арыс» жанар-жағар май бекетін, 2011 жылы «Қызмет» базарын,               2016 жылы «Асылай» мейрамханасын ашқан белгілі кәсіпкер.                      2003-2007 жылдары Арыс қалалық мәслихатының ІІІ шақырылым депутаты, бюджет және экономикалық – әлеуметтік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі  болған. 

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жанындағы Арыс қалалық Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

Арыс қалалық мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

«AMANAT» партиясының мүшесі. 

Марапаттары:

Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен жас ұрпақты тәрбиелеу жолында, даңғыл жолдан даралана көш бастайтын еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтарды жетілдіргені үшін «Ананың шапағаты» медалімен, облыстық, қалалық деңгейде бірнеше Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталған.

  Отбасылы. Жұбайы Сарықұлов Бауыржанмен  2  қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсіріп, одан 9 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы