
Агенттіктің Семей қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2026 жылғы 22 маусымдағы №1 бұйрығына сәйкес, «АбайАгро» Кредиттік серіктестігі» ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясызының қолданылуы 2 ай мерзімге тоқтатылды.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциялық нормативтерді жəне (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет бұзу негіз болды.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салуға алып келеді.
Микроқаржы ұйымы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті. Шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар клиенттер жасалған шарттардың талаптарына сәйкес міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы