Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидаларын және тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 17 сәуірде «Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидаларын және тізбесін бекіту туралы» №70 қаулыны қабылдады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 5-тармағының үшінші бөлігі және 6-тармағына сәйкес. және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-р өкіміне құқықтық актілер тізбесінің 29-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулымен әмбебап банктік лицензиясы бар банктер, базалық банктік лицензиясы бар банктер, сондай-ақ ислам банктері бағалы қағаздар нарығында дилерлік және брокерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы қаржы құралдарының тізбесі және оларды сатып алу тәртібі бекітіледі.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің  сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz