
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Капитал нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне капитал нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдарының жобаларына арналған Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастыру жоспарланып отырғаны туралы хабарлайды.
Консультативтік құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығы бойынша заңнамалық базаны өзектендіру қажеттілігінің, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін ынталандырудағы рөлін арттырудың негіздемесін қамтиды.
Жария талқылау құжат орналастырылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде өткізілетін болады. Осы кезеңде құжат «Салықтар және қаржы», НҚА түрлері – «Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты» бөлімінде пікір білдіру үшін қолжетімді.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы