
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 20 наурызда «Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» №14 қаулыны қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 68-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулымен стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың қызмет тәртібі, сондай-ақ олар сатып алатын активтерге қойылатын талаптар белгіленеді.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы