«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-на сақтандыру лицензияның мерзімге тоқтатылуы туралы

«Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-на сақтандыру лицензияның мерзімге тоқтатылуы туралы

  «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 53-5-бабының 1-тармағын 1), 54-бабы  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереженің 22-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерінің талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасымен «Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы  туралы»

  2020 жылғы «24» тамыздағы № 77 қаулысына (бұдан әрі – № 77 Қаулысы) сәйкес  «Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ) міндетті және ерікті нысандардағы сақтандыру түрлері бойынша «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген 2020 жылғы 18 ақпандағы № 2.1.37 лицензияның (бұдан әрі – Лицензия) қолданылуы 6 (алты) ай мерзімге тоқтатылды.

  «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ-қа Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы сақтандыру шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, міндетті және ерікті нысандардағы жаңа сақтандыру шарттарын жасасуға, сондай-ақ міндетті және ерікті нысандардағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Бұрын жасалған міндетті және ерікті нысандардағы сақтандыру шарттары бойынша «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.

Лицензияның міндетті және ерікті нысандардағы сақтандыру түрлері бойынша қолданылуы «Астық сақтандыру компаниясы» № 77 Қаулы жіберілген күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі (2020 жылғы «14» қыркүйек).