
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2025 жылдың 31 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 13 ақпанын қоса алғанда қабылданады.
Үміткерлерді таңдаудағы негізгі талаптар – тиісті білім, жоғары біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы.
Басымдыққа ие болады:
- шетел жоғары оқу орындарының түлектері;
- Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша магистратураны бітірген
түлектер мен мамандар;
- FRM, CFA халықаралық сертификаттарының кемінде 1-деңгейі және
(немесе) ACCA халықаралық сертификатының 4-деңгейі бар мамандар;
- шет тілін меңгерген мамандар (IELTS халықаралық сертификатының болуы – 9-дан 6 төмен емес, TOEFL IBT – 120-дан 80, TCF 699-дан 400 (В2), СILS 1, HSK 11-ден 6-деңгей);
- таңдаған саласында кемінде бір жарым жыл жұмыс тәжірибесі бар
мамандар.
Толық ақпарат сілтемеде.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 10 89