
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 86 қаулы қабылданды:
- «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартылды;
- «Solva Capital» ЖШС «ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартылды;
- Александр Александрович Дунаевқа және Борис Александрович Батинге «ОнлайнКазФинанс МҚҰ» АҚ-ты банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын банктің ірі (жанама) қатысушылары мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартылды.