Қаржы нарығына қатысушылар микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер секторындағы өзін-өзі реттеу мәселелерін талқылады

Қаржы нарығына қатысушылар микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер секторындағы өзін-өзі реттеу мәселелерін талқылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарықтарында өзін-өзі реттеу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Агенттіктің банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің басшылығы, микроқаржы нарығы субъектілері мен коллекторлық агенттіктердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтардың басшылары, «Атамекен»ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы А. Жақыпов қатысты.

Тараптар өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ) құру және олардың жұмыс істеуі мәселелерін талқылады. 

Қазіргі уақытта Агенттік микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер секторларына міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу бөлігінде реттеушілік әсерге талдау жүргізіп жатқанын атап өтеміз.

Бұл бастама нарық субъектілерінің өзін-өзі реттеуін, сыртқы және ішкі факторларға икемділігі мен бейімделуін арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын ӨРҰ-ға берудің негізгі аспектілері, сондай-ақ олардың қаржы реттеушісімен, нарыққа қатысушылармен және қаржылық қызметтерді тұтынушылармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz