
Кликбейт немесе тартымды тақырыпқа аса қызықпаған абзал. Ол туралы толығырақ білуге ұмтылып, алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін.
Кликбейт дегеніміз не?
Кликбейт (ағылшын тілінен «click» «шерту», «bait» «жем» деп аударылады) – бұл маркетингтік құрал. Ол әдетте тартымды тақырып немесе фотосурет, бейнеролик, қызығушылық тудырар баннер болады. Жаңалықтың немесе оқиғаның жалғасын оқу үшін сіз осы тақырыпты басуыңыз керек. Кейін дереккөзге автоматты түрде сілтеме жасалады.
Алаяқтар кликбейт арқылы адамың эмоцияларын оятуға тырысады. Бүгінде аталған тәсілді алаяқтар жиі қолданады. Қаскүнемдердің басты міндеті – құрбандардың қызығушылығын арттырып, екіұшты сезімдерін ояту.
Алаяқтар кликбейтті айла-тәсілдерін іске асыру үшін қалай пайдаланады?
Мәселен: «Тек бүгін ғана! IPhone 16 жарты бағасына сатылады, бұл үшін осы қадамдарды жасасаңыз ... жетіп жатыр», «Адам сенгісіз! Жаңа жыл құрметіне сыйлықтар таратылады!», «Бұл сенсация! Жатар алдында ... ішсеңіз, тұмау мен коронавирус қорқынышты болмайды» және т.б.
Алаяқтар электронды поштаға, банктердің, танымал блогерлердің, дүкендердің және басқа ұйымдардың атынан түрлі мессенджерлерге кликбейт тақырыптармен хаттар жібереді. Кейбір тақырыптар сіз көргіңіз келетін бейнероликтермен бірге жүреді. Бірақ оны көру үшін гаджетке арнайы қосымшаны орнату керек. Егер пайдаланушы оны жүктеп алса, онда ол маңызды деректерді ұрлауға мүмкіндік беретін қауіпті бағдарламаны орнатады және оның көмегімен алаяқтар гаджетті қашықтан басқара алады.
Сілтеме бойынша өтсе не болады?
Ақпарат туралы толығырақ мағлұмат алу үшін алаяқтардың тақырыбына басқан кезде олар фишинг сайтқа өтеді. Мұндай интернет-ресурс түпнұсқа сайттың көшірмесі. Мәселен жаңалықтар порталының, техника дүкенінің, кез келген басқа онлайн-дүкеннің, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілерге кіру беттерін атауға болады. Кейбір пайдаланушылар ойланбастан, әдеттегідей өз аккаунтына кіру үшін жеке деректерін енгізуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың есептік деректері хакерлердің қолына түседі.
Егер бұл онлайн-дүкеннің жалған парақшасы болса, онда пайдаланушылардан өздерінің банктік деректерін енгізуді сұрайды және тапсырысты ресімдеген болып, кибералаяқтар барлық төлем деректеріне көшіріп алады.
Алаяқтық кликбейтті қалай анықтауға болады?
Гаджеттіңізді қалай қорғауға болады?
Өзге де пайдалы ақпараттармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы