Қаржы нарығына қатысушылар Ресейдің өзін-өзі реттейтін ірі ұйымының басшысымен кездесу өткізді

Қаржы нарығына қатысушылар Ресейдің өзін-өзі реттейтін  ірі ұйымының басшысымен кездесу өткізді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың  «Микроқаржыландыру және даму» өзін-өзі реттеу ұйымы («МжД» ӨРҰ) Кеңесінің төрағасы Эльман Мехтиевпен Ресей Федерациясының қаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізудің оң тәжірибесін талқылау бойынша кездесуі өтті.

Сонымен бірге кездесуге микро қаржы ұйымдары  мен коллекторлық агенттіктер қауымдастықтарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ) құру және олардың жұмыс істеуі, ӨРҰ-ның қаржы реттеушісімен өзара іс-қимылы, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері, сондай-ақ Ресей Федерациясының қаржы нарығында өзін-өзі реттеу институтын енгізудің үздік практикалары талқыланды.

Қазіргі уақытта Агенттік микроқаржыландыру және коллекторлық қызметтер нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бастама нарық субъектілерінің өзін-өзі реттеуін, сыртқы және ішкі факторларға икемділігі мен бейімделуін арттыру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

Тәжірибе алмасу ынтымақтастықты нығайтуда және Қазақстанның қаржы нарығында өзін-өзі реттеуді енгізудің табысты тәсілдерін қолдануда маңызды қадам болмақ.

«МжД» ӨРҰ Ресей Федерациясының микроқаржы нарығындағы 313 қатысушыны біріктіретін аса ірі ұйым, олардың үлесіне нарықтың жиынтық несие портфелінің 80%-дан астамы тиесілі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz