
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) коллекторлық қызмет нарығында өзін-өзі реттеуді енгізуге қатысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың - 2025 жылғы 10 қаңтар сағат 09:00-ден 2025 жылғы 14 қаңтар сағат 18:00-ге дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Реттеушілік әсерді талдау» бөлімінде жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты қосымша бейнеконференция 2025 жылдың 10 қаңтарында сағат 10:00-ге жоспарланып отыр. Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, лауазымын және ұялы телефон нөмірін yerzhan.toleuov@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Бейнеконференцияға сілтеме мүдделі адамдарға ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі.
Туындаған барлық сұрақ бойынша +7 727 259 89 16 (6441) телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.