
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) микроқаржыландыру нарығында өзін-өзі реттеуді енгізу бөлігінде реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылаудың 2024 жылғы 27 желтоқсан сағат 09.00-ден 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 18.00-ге дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Реттеушілік әсерді талдау» бөлімінде жүргізілетінін хабарлайды.
Қосымша бейнеконференция биыл 27 желтоқсанда сағат 10.00-ге жоспарланып отыр. Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, лауазымын және ұялы телефон нөмірін yerzhan.toleuov@finreg.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Бейнеконференцияға сілтеме мүдделі адамдарға ұялы телефон нөмірлеріне жіберіледі.
Туындаған барлық сұрақ бойынша +7 727 259 89 16 (6441) телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз.