
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+4,2%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+4,3%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы қазанда 0,5%-ға немесе 170,2 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 18,4%-ға өсу), 2024 жылғы 1 қарашада 31,7 трлн теңгені құрады.
KASE индексі 2024 жылғы қазанда 0,8%-ға ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 24,5%-ға өсу), 5 213,6 тармақты құрады.
Акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Баян Сұлу» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 67,3%-ға немесе 7,3 млрд теңгеге ұлғайып, ағымдағы жылғы қазанда 18,1 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 84 қазақстандық эмитенттің 99 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша акциялардың 46 атауы және 55 шетелдік эмитенттің 13 ETF болды. «KASE Global» секторында жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі негізінен Apple Inc. және Advanced Micro Devices, Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда 58,3%-ға немесе 1,4 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қазанда 3,8 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2024 жылғы қазанда жекелеген эмитенттердің облигацияларын өтеу есебінен 3,0%-ға немесе 425,3 млрд теңгеге 13,8 трлн теңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 1,9%-ға өсу).
2024 жылғы қазанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі негізінен бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің азаюы есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 46,8%-ға немесе 114,2 млрд теңгеге 129,7 млрд теңгеге дейін азайды.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 121 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 494 шығарылымы болды.
2024 жылғы қазанда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 2024 жылғы қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 66,5%-ға немесе 126,1 млрд теңгеге төмендеп, 63,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы қазанда 7 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 8 шығарылымы орналастырылды, купондық сыйақы мөлшерлемесі 7,5%-дан 25,0%-ға дейін өзгеріп отырды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы қазанда мемлекеттік бағалы қағаздарды өтеуге байланысты 1,8%-ға немесе 0,5 трлн теңгеге 26,8 трлн теңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 12,2%-ға өсу).
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 61,6%-ға немесе 271,4 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша 0,7 трлн теңгені құрады.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 130,7%-ға немесе 336,0 млрд теңгеге 593,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі өтеуге табыстылығы 12,85-13,17%-ды құрайтын 8 облигациялар шығарылымын орналастырып, 538,6 млрд теңге тартты, он бір облыстың және Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 54,5 млрд теңге тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 32 жабық және 1 ашық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пайлар нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жекелеген инвестициялық қорлардың 7,1 млрд теңге мөлшерінде шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына және 2,8 млрд теңге мөлшерінде ҚР мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестицияланған пайларын орналастырудан болған түсімнің есебінен 2024 жылғы қазанда 6,3%-ға немесе 18,6 млн теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 316,3 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 272,6 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 86,2%-ын құрады.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 40 брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы қазанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 5,9%-ға немесе 187,4 мыңға ұлғайып, 3 343,4 мың шотқа жетті, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны шоттардағы қалдықтардың болмауына байланысты 683,9 мың қосалқы шотқа дейін 0,4 мыңға немесе 0,1%-ға азайды (2024 жылдың басынан бері 12,5 мыңға немесе 1,8%-ға азаю);
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 2 659,5 мың шотқа дейін 187,8 мыңға немесе 7,6%-ға өсті (2024 жылдың басынан бері 910,5 мыңға немесе 52,1%-ға өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен басқа заңды тұлғаның капиталына инвестицияланған жекелеген қатысушының жарғылық капиталына толықтырудың есебінен 2024 жылғы қазанда 1,1%-ға немесе 8,5 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 750,6 млрд теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,8%-ға өсу). Міндеттемелер репо операцияларының азаюына байланысты 238,1 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға немесе 1,0 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан бері 0,9%-ға азаю). Меншікті капитал жекелеген қатысушының жарғылық капиталының өсуі нәтижесінде 1,9%-ға немесе 9,5 млрд теңгеге 512,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері 10,7%-ға өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы